Ердоған мен оның партиясы жеңіске жетті

636

Ердоған мен оның партиясы жеңіске жетті

Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлаудың қорытындысында бюллетендердің 95%-ы саналған кезде қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,7% дауысына ие болды. Осылайша ол президент сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлады Анадолы.  

Ал парламенттік сайлауда әділет және даму партиясының жұлдызы жанды. Сөйтіп Ердоған мен оның партиясы өзгелерден қара үзіп шықты.

Түрік көшбасшысын өзбек басшысы Шавкат Мирзиёев, Катар әмірі Тамим аль-Тани, Судан президенті Омар аль-Башир, Палестина президенті Махмуд Аббас, Албания премьері Эди Рама мен Венгрия үкімет басшысы Виктор Орбан және тағы да басқа лауазымды тұлғалар жеңісімен құттықтады.

Кешеден бері Түркия халқы Реджеп Тайып Ердоған мен әділет және даму партиясының жеңісін тойлап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу