Ердоған мен Путин 6 наурызда телефон арқылы сөйлеседі

1219

Бұған дейін Ресей президенті мен Германия канцлері Олаф Шольц жақын арада Украина бойынша жаңа келіссөздер жүргізуге уағдаласқан болатын.

Ердоған мен Путин 6 наурызда телефон арқылы сөйлеседі

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин 6 наурызда телефон арқылы сөйлеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz президенттің өкілі Ибрагим Калынның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Бұл соғыс дереу тоқтатылуы керек, тараптар келіссөздер үстеліне отыру керек. Біздің президент өте қарқынды дипломатияны жүзеге асыруда. Ертең ол Путинмен келіссөз жүргізеді", – деді ол.

Бұған дейін Ресей президенті мен Германия канцлері Олаф Шольц жақын арада Украина бойынша жаңа келіссөздер жүргізуге уағдаласқан болатын.

Ақпан айында Ресей ДХР және ЛХР егемендігін мойындады. Кейінірек Ресей Президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасап, Донбасста "арнайы әскери операцияның" басталғанын жариялады. 

АҚШ, ЕО елдері бұл "операцияны" Украинаға "басып кіру" деп атады.

Табиғат Нұрболат

Фото: armenpress.am

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу