Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған 18-19 шілдеде Иранға ресми сапармен барып, онда Ресей Президенті Владимир Путинмен үшжақты саммит аясында кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркия президенті әкімшілігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Саммит аясында Түркия мен Ресей басшыларының екіжақты кездесуі өтеді", – деп жазылған хабарламада.
Ердоған 19 шілдеде Ресей мен Иран президенттерінің қатысуымен өтетін жетінші үшжақты саммитке қатысады. Жиында ресми түрде Сириядағы жағдай, террористік ұйымдармен күрес және гуманитарлық жағдай талқыланады.
Бұған дейін 12 шілдеде Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Ердоған Иранда кездесуі мүмкін деп мәлімдеген еді.
Бұл Путиннің 24 ақпаннан бергі екінші шетелдік ресми сапары болмақ.
Табиғат Нұрболат