Ол Республикалық халықтық партияны (РХП) және оппозицияны заңға қатысты мәселелерін саяси құралға айналдырды деп сынға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ердоғанның айтуынша, оппозиция қоғамды адастыру арқылы елдің басты мәселелерінен назарды басқа жаққа аударуға тырысады.
— Егер байқаған болсаңыз, РХП және оппозиция сот органдары қойған айыптауларға нақты жауап бермейді. Диплом мәселесі болсын, жемқорлық немесе ұрлық болсын, олар әрдайым саяси ұрандармен шектеліп, халықты манипуляциялауға тырысады, — деді Ердоған.
Президент оппозицияның құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне қысым жасау әрекеттерін де сынға алды. Оның пікірінше, бұл елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіріп, қоғамда шындыққа сай келмейтін көзқарас қалыптастырады.
— Жалған ақпарат пен жала жабу арқылы ақиқатты өзгертуге тырысқандардың әрекеті нәтиже бермейді. Біз бұл күресте әділдік пен заң үстемдігіне сүйенеміз, — деді Түркия президенті.
Ердоған саяси алаңдағы ішкі келіспеушіліктерді ұлттық мәселелерге теңестіруге болмайтынын атап өтті. Ол оппозицияны саяси манипуляциялардан бас тартып, сынға конструктивті жауап беруге шақырды.