Ердоған өзін нашар сезінгендіктен тікелей эфирдегі сұхбатын аяқтай алмады

1033

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жергілікті телеарналарға берген сұхбаты кенеттен үзілді, түрік көшбасшысы асқазан тұмауына байланысты өзін нашар сезіне бастады. 

Ердоған өзін нашар сезінгендіктен тікелей эфирдегі сұхбатын аяқтай алмады Фото: CentralAsia.media

Сұхбат республика басшысының сайлауалды науқанға байланысты уақыт тапшылығынан сейсенбі күні кешке ұйымдастырылды. Журналист министрлер кабинетіндегі қандай өзгерістер боларын сұрай берген кезде тікелей эфир кенеттен үзілді. Оның сұрақ қойылғаннан кейін ұзақ жауап бере алмай, отырып қалуы әлеуметтік желілерде біраз талқыға салынды.

"Ең алдымен, сіздерге денсаулық тілеймін. Кеше және бүгін біраз сайлау жұмыстары болды. Сондықтан болар, мен асқазан тұмауымен ауырып қалдым. Негізі бағдарламаға келе алмаймыз деп ойладық, бірақ біз уәде бергеннен кейін келдік. Мен сіздерден және біздің көрермендерден кешірім сұраймын", - деді Ердоған тікелей эфирдегі үзілістен кейін.

Екі қысқа сұрақтан кейін модератор түрік көшбасшысымен сұхбат "Президент мырзаның демалуына мүмкіндік беру" үшін аяқталатынын айтты.

Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу