Ердоған Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді

1178

РФ президентінің баспасөз хатшысы олардың кездесуін өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады. 

Ердоған Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді

Түркия елі Ресей Федерациясы мен Украина делегацияларының Ыстанбұлдағы келіссөздерінің нәтижелі болатынынан үмітті және екі елдің президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз сіздерді осындай қиын кезеңде қабылдап отырғанымызға қуаныштымыз, Сіздер де қолдан келгенді жасап жатырсыздар. Украинадағы шиеленістің бізге ауыр тиіп отырғаны сөзсіз, өйткені Ресей де, Украина да біздің достарымыз саналады. Дағдарыс басталғанан бері біз тату көршілік қағидасы және заң талаптарын орындауға тырыстық", – деді түрік басшысы.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Зеленскийдің кездесуін өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады. Бірақ ол кездесу жемісті өту үшін алдын ала дайындық жүргізу керектігін мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу