Ердоған Путинмен “астық мәмілесін” талқыламақ

806

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы күндері Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесетінін айтты.

Ердоған Путинмен “астық мәмілесін” талқыламақ Фото: Вести.ру

Ердоғанның сөзінше, келіссөздер барысында Қара теңіздегі астық бастамасының іске асырылу барысы талқыланады, деп жазады inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

“2-3 күннен кейін Путинмен телефон арқылы сөйлесеміз", - деді Ердоған ТЕМ және Star TV түрік телеарналарының эфиріне шыққан сұхбатта.

Түркия басшысының айтуынша, әлемдік қоғамдастық Түркияның Ресей мен Украина қақтығысын бейбіт жолмен реттеу жөніндегі делдалдық әрекетін жоғары бағалайды.

Бұдан басқа ол Түркиядағы жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою шараларына да тоқталды. Ердоған апат аймағындағы алғашқы үйлердің іргетасы 23 наурыз күні қаланатынын айтты.

Түркия басшысы жер сілкінісінен кейін құқық қорғау органдары ғимараттарды жосықсыз салған деген күдікпен 302 адамды тұтқынға алғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу