Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен арадағы қарым-қатынасты үзгісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз Ресеймен де, Украинамен қарым-қатынас орната білдік. Мен Путин мырзамен де, Зеленскиймен де байланысты үзгім келмейді", – деді Ердоған.
Президент өзінің ресми өкілі Ибрахим Калынды ресейлік және украиналық тараптар арасындағы келіссөздерге жібергенін еске салды.
"Біз алдағы уақытта да осылай істейміз, өйткені жаңа дүниежүзілік соғыстың басталуы біздің аймаққа да, әлемге де пайда әкелмейді. Екі тараппен де қарым-қатынасымыз әртүрлі. Біз Ресеймен атом энергетикасы саласында бірлескен қадам жасадық. Келесі жылы "Аккую"АЭС-ін іске қосамыз деп үміттенемін. Біз үшін бұл өте маңызды ресурс", – деді ол.
Табиғат Нұрболат
Фото: epa.eu