Ердоған Путинмен сөйлесті

966

Телефон арқылы сөйлесу барысында Түркия-Ресей қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған қадамдар мен Ресей-Украина соғысына қатысты өзгерістер талқыланды.

Ердоған Путинмен сөйлесті Фото: Анадолы агенттігі

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей Федерациясының мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Президенттік коммуникациялар басқармасы жасаған мәлімдемеге сәйкес әңгіме барысында Түркия-Ресей қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған қадамдар мен Ресей-Украина соғысына қатысты өзгерістер талқыланды.

Сонымен қатар Ердоған Ресей басшысына Қаратеңіз астық бастамасының ұзартылуына қатысты оң көзқарасы үшін алғыс білдірді. Бұдан бөлек Түркия президенті Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың келіссөздер арқылы тезірек аяқталуына мүдделі екенін жеткізді.

Әңгіме соңында Ердоған Сочиде келісілген экономикалық ынтымақтастық негізінде жаңа қадамдар жасай алатындарын білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу