Ердоған шетелдегі Түркия азаматтарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды

570

Шетелдік учаскелер мен Түркия бақылау-өткізу пунктерінде дауыс беру процесі сенбі, 20 мамырда басталады.  

Ердоған шетелдегі Түркия азаматтарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 мамырдағы парламенттік және президенттік сайлауға белсенді қатысқаны үшін шетелде тұратын түрік азаматтарына алғысын білдірді, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Twitter-дегі жазбасында түрік көшбасшысы отандастарын 28 мамырдағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде де белсенділік танытуға шақырды.

"Құрметті отандастар. Біз сайлаудың бірінші турын сәтті аяқтадық, онда рекордтық белсенділік тіркелді. Барлық қиындықтар мен қысымға қарамастан, шетелдегі Түркия азаматтары түрік демократиясын қолдай отырып, өздерінің азаматтық міндеттерін орындады. Сіздің ұстанымыңыз - бүкіл халқымыз үшін мақтаныш! Әрбір дауыс берген жанның есімі Түркияның саяси тарихында жазылады", - делінген Мемлекет басшысының жарияланымында.

Түрік көшбасшысы шетелдік учаскелерде және Түркия БӨП-те дауыс беру процесі ертең (сенбі, 20 мамыр) басталатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу