Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру процесін тоқтатамын деп сес көрсетті

1113

Финляндия мен Швецияның альянсқа қабылдау туралы шешім 29 маусымда Мадридте өткен саммитте жарияланды.

Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру процесін тоқтатамын деп сес көрсетті Фото: reuters.com

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндия бұрын қол жеткізілген келісімді орындамаса, олардың НАТО-ға кіру процесін тоқтататынын мәлім етті. Бұл туралы Түркия басшысы 18 шілдеде министрлер кабинетінің отырысынан кейін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Швеция мен Финляндия ресми Анкара "террористік" деп санайтын топтармен күресуге міндеттелген еді. Ердоғанның ойынша, Стокгольм міндеттемелерді толықтай орындамай отыр.

"Біз НАТО-ға мүше мемлекеттермен бірге Швеция мен Финляндияның одаққа кіру процесін бастау туралы құжатты мақұлдадық. Егер олар біздің шарттарымызды орындау үшін тиісті қадамдар жасамаса, біз бұл процесті тоқтататынымызды тағы бір рет еске салғым келеді. Швецияның бұл тұрғыда жақсы нәтижеге қол жеткізбегенін көріп отырмыз", – деді Түркия президенті.

Мамыр айының ортасында Финляндия мен Швеция одаққа кіру туралы ресми өтініш тапсырды. Оларды НАТО-ға қабылдау туралы шешім көп ұзамай қабылданды, 29 маусымда Мадридте өткен НАТО саммитінде жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу