Ердоған Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін парламент қарауына жолдады

Швецияның альянсқа кіруін Түркия мен Венгриядан басқа НАТО-ның барлық мүшелері қолдап отыр. 

Ердоған Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін парламент қарауына жолдады Фото: РИА Новости

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу туралы өтінішін парламент қарауына жолдады, деп хабарлады батыстық БАҚ.

Енді депутаттар Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуын ратификациялау немесе бекіту туралы шешім қабылдауы керек.

Қазіргі уақытта Түркия мен Венгриядан басқа НАТО-ның барлық мүшелері Швецияның альянсқа кіруін ратификациялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу