Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруін ратификациялау туралы жарлыққа қол қойды

Құжат ресми дереккөздерде жарияланған. 

Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруін ратификациялау туралы жарлыққа қол қойды Фото: AFP

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялауын мақұлдады. Түркия парламенті бекіткен хаттаманы ратификациялауды мақұлдау туралы президент жарлығы Resmi Gazete үкіметінің ресми басылымында жарияланды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты NTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кету керек, 23 қаңтарда Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі (парламент) Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүшелігін ратификациялауға дауыс берді. Соның ішінде 346 депутаттың 287-сі бастаманы қолдаса, 55-і қарсы болып, ал төртеуі қалыс қалды.

Кейінірек, Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Анкараның Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау шешімін құптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу