Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Сирия президенті Ахмед аш-Шар Анкарада кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Ердоған өз сөзінде Түркия ең қиын кезеңдерде Сирия халқын қиындықта қалдырмағанын, жаңа кезеңде Түркия оларға қажетті қолдау көрсететінін айтты.
"Сирия халқы 13,5 жыл бойы түрлі зұлымдықтарды бастан кешірді. Соның ішінде оларға химиялық қару қолданылды. Өкінішке қарай, бұрынғы режим мен террористік ұйымдардың шабуылдарынан 1 миллионнан астам сириялық бауырларымыз қаза тапты. Миллиондаған сириялық туған жерін, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бірақ осының бәріне қарамастан, Сирияның ержүрек ұлдары әділетсіз режиммен және оның жақтаушыларымен күресті тоқтатқан жоқ", – деді Ердоған.
Ердоғанның сөзінше, Сириядағы тарихында жаңа кезең басталды.