Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысқан Режеп Тайып Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.
Режеп Тайып Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу