Ердоған: Түркия Еуропалық Одақтың орнына ШЫҰ-ға кіруі мүмкін

1114

Ердоған: Түркия Еуропалық Одақтың орнына ШЫҰ-ға кіруі мүмкін

Түркия Еуропалық Одақтың орнына Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіруі мүмкін. Бұл туралы түрік елінің президенті Өзбекстанға жасаған сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды 24 Хабар.

Оның айтуынша, Кәрі құрлық мемлекеттерінің басын қосқан қауымдастық Түркия үшін бірден-бір таңдау емес, сондықтан Анкара қабылдау мерзімін сағызша созып келе жатқан ол ұйымға тастай жабысып алмауы керек. Сонымен бірге, Ердоған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрамында жұмыс істеген анағұрлым жеңіл болатынын атап көрсетті.

Бұдан басқа, осының алдында түрік басшысы 2017 жылы елде Еуроодақ құрамына кіру туралы келіссөздер бойынша референдум өтуі мүмкін деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу