Эрдоған Түркияда ЕО-ға кірудің қажеттілігі туралы референдум өткізуді ұсынды

963

Түркия билігі елдің Еуропалық Одаққа кіру қажеттілігіне қатысты пікірлерін білу үшін түрік азаматтарына сауал тастауы мүмкін деп мәлімдеді Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған.   

Эрдоған Түркияда ЕО-ға кірудің қажеттілігі туралы референдум өткізуді ұсынды

"81 млн азаматтың қандай шешім қабылдайтынын білу үшін 81 млн азаматтың арасында сауалнама жүргіземіз",  – деді ол ТРТ-ның түрік телеарнасы эфирінде сөйлеген кезде. 
"Егер референдум өткізуге келісетін болса, бұл мәселені қарастырып, бірден әрекет етеміз",  – деп келтіреді түрік перзидентінің сөзін "Анадолы" агенттігі. 
Сонымен қатар түрік басшысы өз елінің ұйым құрамына енуіне қатысты үдерістің ұзаққа созылып кеткеніне ЕО-ны кінәлады. 
"2018 жыл болды, ал олар болса  әлі күткізіп отыр", – деді ол. 
Түркияға Еуроодаққа ену үшін өтінішті 1987 жылы берген, алайда осы мәселеге қатысты келіссөздер тараптардың арасындағы қайшылықтарға байланысты шешімін таппай келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу