Ердоған Түркияда ұлттық аза тұту күнін жариялады

972

Ердоған бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Ердоған Түркияда ұлттық аза тұту күнін жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент Ердоғанның қолтаңбасымен жарияланған  шешімде "Елімізде 2023 жылы 6 ақпанда болған жер сілкінісіне байланысты 7 күндік ұлттық аза тұту жарияладық. Туымыз елде және шетелдік өкілдіктерде 12 ақпан жексенбі күніне дейін жартылай төменге түсіріледі", делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында болған екі күшті жер сілкінісі салдарынан 1500-ден астам адам қаза тауып, 10 мыңға жуық адам жараланған.

Қазақстан да Түркияға шұғыл көмек көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу