Ердоған Түркиядағы орман өртінің басым бөлігі сөндірілгенін мәлімдеді

1451

Түркия президенті сенбі күні кешке мәлімдегендей, Түркиядағы табиғи өрттің ошақтарының көбі өшірілген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ердоған Түркиядағы орман өртінің басым бөлігі сөндірілгенін мәлімдеді

Ердоғанның мәлімдеуінше, өрт ошақтарының көбі "ауыздықталып, сөндірілген".

"Кейінгі үш күннің ішінде орман өртін сөндіруге 4 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Оқиға орнында 6 ұшақ, 45 тікұшақ, 9 пилотсыз ұшу аппараты, 117 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті Ердоған.

Ол сонымен қатар өртті сөндіруге Әзербайжан, Украина, Иран мен Ресейден арнайы ұшақтар ұшып келгенін жеткізді.

Айта кетсек, оған дейін Ердоған қатты табиғи өрт салдарынан Түркияның бірнеше провинциясының бірнеше ауданын нәубәт аймағы деп жариялаған еді.

Ол өз сөзінде "адамдардың өміріне ықпал ететін табиғи нәубәт аумағына" Анталья, Мугла, Мерсин, Адана мен Османийе кіретінін мәлім еткен.

Табиғи өрт Түркияның алты провинциясында әлі де сөндірілмей жатыр: жоғарыда аталған аудандардан бөлек Кайсериде де сөндірілмеген ошақтар бар.
Ердоған осы аптаның жұмасында елдегі бірнеше қатты өрттің шығу себебін анықтауды тапсырған. Оның айтуынша, мамандар зерттеп жатқа нұсқалардың бірі – диверсия.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу