Ердоған Түркияның Еуропалық одаққа кіру мүмкіндігін жаңа төрағамен талқылады

240

Режеп Тайып Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды Вашингтонда қабылдады.

Ердоған Түркияның Еуропалық одаққа кіру мүмкіндігін жаңа төрағамен талқылады Фото: aa.com.tr

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен Түркияның Еуропалық одаққа кіру процесі мен жаһандық мәселелерді талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркия Президенті әкімшілігі жанындағы байланыс басқармасының ақпараты бойынша, Вашингтонда Ердоған Венгрия премьер-министрін қабылдады.

Сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынастарды, Түркияның ЕО-ға кіруін және жаһандық сипаттағы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында президент Ердоған Түркия Украина-Ресей соғысын және Израильдің Газа секторына қарсы шабуылдарын тоқтату үшін бейбіт күш-жігерін жалғастыратынын мәлімдеді. Түрік көшбасшысы халықаралық қауымдастық осы аймақтарда бейбітшілік орнатуға күш салуы керек екенін атап өтті.

Ердоған Венгрияның төрағалығы кезінде Түркияның ЕО-ға кіру процесін жандандыруға және қарым-қатынасты дамытуға қолдау көрсетуін күтетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу