Ердоған Түркияның ШЫҰ-ға қатысқаны үшін ЕО алдында есеп беруден бас тартты

544

Түркия Президенті ШЫҰ-ға мүше болуға ниет білдірген болатын.

Ердоған Түркияның ШЫҰ-ға қатысқаны үшін ЕО алдында есеп беруден бас тартты

Түркия ШЫҰ саммитіне қатысқаны үшін ЕО алдында есеп беруге ниетті емес. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz yenisafak түрік басылымына сілтеме жасап.

"Еуроодақ бізді 52 жыл бойы өзінен ары ұстап, құрамына кіргізбейді, бірақ соған қарамастан: "неге ол осында жиналды, неге ол осында кездесті?" деген сұрақтарға жауап талап етеді. Біз әлемнің барлық елдерімен кездесе аламыз. Мен Си мырзамен де, Путин мырзамен де, Моди мырзамен де кездесемін. Мен барлық елдермен келіссөздер жүргіземін. Себебі біз бәріміз осы әлемнің ажырамас бөлігіміз", – деп жауап берді Ердоған өз елінің Шығыстың немесе Батыстың бір бөлігі болғанын қалайды ма деген сұраққа.

Бұған дейін Түркия Президенті ШЫҰ-ға кіру мақсатын хабарлаған болатын. Ол сондай-ақ ШЫҰ саммиті барысында Путинмен болған келіссөздерді жемісті деп атады.

"Екіжақты қатынастардан басқа, өзекті жаһандық мәселелер бойынша идеялар талқыланды", – деді Түркия президенті.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу