Түркия әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресті өз саясатының басым бағытына қосты. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты заңнама үнемі жаңартылып отыратынын атап өтті.
"Біз зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерді паналар, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және бақылау орталықтары және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіп жатырмыз", – деді президент.
Ердоған қоғамның барлық топтары зорлық-зомбылыққа қарсы бірлесе күресу керектігін атап өтті.
"Біз бәріміз бірге зорлық-зомбылықсыз Түркияны құрамыз. Түркияның жүз жылдығы әйелдер ғасырына айналады", – деп ол.