Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті

167

Ресей басшысы Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, келіссөздерді қайта бастау туралы талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті Фото: dzen.ru

Әңгімеде Ресей президентінің ресей-украин тікелей келіссөздерін қайта бастау бастамасы егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл келіссөздерді 15 мамырдан бастап Ыстанбұлда өткізу ұсынылды.

Режеп Тайып Ердоған бұл ресейлік ұсынысты толығымен қолдайтынын білдіріп, келіссөздер үшін Ыстанбұл алаңын ұсынуға дайын екенін атап өтті.

Түрік тарапы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған келіссөздерді ұйымдастыру мен өткізуге барынша қолдау көрсететін болады.

– Ресей Президенті Мәскеуде Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар және осы күндері өткен жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулер туралы әсерімен бөлісті, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу