Украина қаласы Львовта өткен келіссөздерде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскийге Түркияда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Ердоған Анкараның Ресей мен Украина арасындағы соғысты дипломатиялық жолмен тоқтатуға өз үлесін қосуға дайын екенін айтып, қос көшбасшыны Түркияда келіссөз өткізуге шақырды.
Түркия президенті Путинмен Запорожье АЭС-індегі жағдайды талқылайтынын айтты.
Оның сөзінше, келіссөздер барысында Зеленский ресейлік миналарды осы аймақтан алып тастауды талап еткен.
"Біз бұл мәселені Путинмен талқылаймыз және әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін Ресейден осындай қадам жасауын сұраймыз", – деді ол.
Сонымен қатар Ердоған МАГАТЭ-ні ЗАЭС-тегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырды.
Табиғат Нұрболат