Ердоған Зеленскиймен сөйлесті

1026

Телефон арқылы сөйлесу барысында Ресей-Украина соғысына қатысты өзгерістер талқыланды.

Ердоған Зеленскиймен сөйлесті Фото: trt.haber

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаның мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты trthaber-e сілтеме жасап.

Президенттік коммуникациялар басқармасы жасаған мәлімдемеге сәйкес әңгіме барысында Түркиядағы жер сілкіністері мен осыдан бір жыл бұрын басталған Ресей-Украина соғысына қатысты өзгерістер талқыланды.

Ердоған зілзала кезінде Түркияның жанынан табылған Украина президенті Зеленскийге алғыс айтты.

Сондай-ақ, Түркияның мемлекет басшысы бір жылға созылған Ресей-Украина соғысын тоқтату, келіссөздер арқылы шешімге келу және бейбітшілікті қалыптастыру үшін қолдан келгенше үлес қосуға дайын екендігін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу