Түркия президенті Зеленскиймен сөйлесті

900

Бұл туралы Түркия президент әкімшілігінің байланыс кеңсесі хабарлады.

Түркия президенті Зеленскиймен сөйлесті Фото: Ашық дереккөзден

Телефонмен сөйлесу барысында Ресей-Украина соғысындағы өзгерістер талқыланды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ердоған кездесуде Каховка бөгетіндегі жарылысты егжей-тегжейлі зерттеу үшін соғысушы тараптардың, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Түркия және халықаралық қауымдастық мамандарының қатысуымен комиссия құруға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл бағытта қолдан келгеннің бәрін жасауға әзір екенін айтқан Ердоған астық дәлізіндегідей келіссөз әдісін ұстануға болатынын да білдірді.

Сонымен қатар Режеп Тайып Ердоған қақтығыстар жалғасқан сайын гуманитарлық шығындардың алдын алу мүмкін болмайтынын, сондықтан келіссөздерге қайта оралу керектігін айтты. Ал ол үшін күш-жігерін табанды түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу