Ердоған жақын арада Сириямен қарым қатынас түзелетінін айтты

581

Алайда түрік басшысы Анкараның өз шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне ешкім кедергі бола алмайтынын атап өтті.  

Ердоған жақын арада Сириямен қарым қатынас түзелетінін айтты Фото: mcdn.tvzvezda.ru

Түркия жақын арада Сириямен қарым-қатынастың түзелетініне сенімді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға сілтеме жасап.

"Кезінде Мысырмен қалай келісімге келдік, дәл солай жақын арада Сириямен де келісуіміз мүмкін. Саясатта реніш деген болмайды", - деп мәлімдеді Түркия басшысы.

Өткен аптаның соңында түрік армиясы Сирия мен Ирактың солтүстігінде елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының сириялық қанатына қарсы әуе операциясын өткізді. Ердоған оны сәтті өтті деп бағалап, алда жерде операция жүргізілетінін жоққа шығармады. Ресей СІМ мұндай әрекет аймақтағы шиеленісті күшейтіп, террористік белсенділіктің өсуіне әкелуі мүмкін деп ескертті.

Сирия шекаралас аумақтарда көрші елден әскерилердің келуін бірнеше рет заңсыз деп атады және Анкарадан әскерді алып кетуді сұрады, бірақ ресми Дамасктың өзі түрік әскери күштері соққы берген солтүстік аймақтардағы автономды әкімшілікті мойындамайтыны белгілі.

Қазан айында Түркия президентінің ресми өкілі Ибраһим Қалын Ресей Ердоған мен Сирия президенті Башар Асадтың кездесуін ұйымдастыруды ұсынғанын айтты. Кейінірек Hürriyet түрік газетінің үкіметке жақын колумнисті Әбдұлқадір Сильви екі ел басшыларының кездесуі Ресейде Владимир Путиннің атсалысуымен өтуі мүмкін екенін хабарлады.

Түркия мен Мысыр президенттерінің алғашқы кездесуі Катарда өткен футболдан Әлем чемпионатының ашылуында өтті, олар қол алысып амандасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу