Ердоған жаңа Конституция әзірлеу туралы бастама көтерді

253

  Оның ойынша, Қолданыстағы конституция халықтың саясатқа деген сеніміне нұқсан келтіреді. 

Ердоған жаңа Конституция әзірлеу туралы бастама көтерді Фото: EPA

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 1980 жылғы әскери төңкерістен кейін қабылданған қазіргі конституцияың орнына жаңа конституция қабылдау керектігі туралы мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ердоғанның айтуынша, мемлекеттік төңкерістердің уақыты артта қалды. Қолданыстағы конституция халықтың саясатқа деген сеніміне нұқсан келтіреді, Түркия онымен алға жылжи алмайды.

"Біз Түркияның либертариандық конституцияға мұқтаждығын байқаймыз. Бүгін мен кейбір тұстарды нақтылап айтқым келеді: Конституция – нормалар иерархиясының жоғарғы шыңы. Бұл – қоғамдық келісім, жазбаша құжат. Егер 1921 және 1924 жылдардағы конституциялар алынып тасталса, онда біздің барлық конституциямыз қамқоршылық директивалары бойынша құрылып, халыққа байланған. Біз қазіргі конституциямен әрі қарай жүре алмаймыз, оның негізін путчистер қалаған, ал тілі проблемалы элиталардың консенсусын көрсетеді. Мен мұны ұлттық парыз деп санаймын", – деді Ердоған.

Түркия парламентінің спикері Нуман Куртулмуш осыған дейін жаңа конституцияның мәтіні бойынша ұсыныстардың жобасы меджлиске шамамен қазан айында, яғни парламенттің күзгі сессиясы барысында күн тәртібіне енгізілетінін жеткізді.

Ердоған конституцияға түзетулер енгізу туралы мәселені халықтың мақұлдауына екі рет ұсынды. 2017 жылы референдум өткен соң елдің парламенттік басқару формасы президенттікке өзгертілді, алайда жаңа конституция қабылданбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу