52,18 пайыз дауыспен Түркияның 13-ші президенті болып қайтадан сайланған Ердоған ант бергеннен кейін бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Бүгін президенттің бас кеңесшісі тағайындалды. Бұл қызметке Режеп Тайып Ердоғанның жарлығымен Акыф Чағатай Қылыш келді. Бұдан бөлек Қылышқа "Елшілік" атағы берілді.
Ол 1976 жылы Германияның Зиген қаласында дүниеге келген. Акыф Чағатай Ұлыбританиядағы Хартфордшира университетінде саясат және еуропалық зерттеулер бойынша бакалавр дәрежесін алды.
Президент кеңсесінің бастығының орынбасары болған жылдары Ердоғанның шетелдегі сапарларының көбінде аудармашы қызметін қатар алып жүрді. Бұдан бөлек, депутат әрі жастар және спорт министрі болды. Түрік тілінен басқа ағылшын жәні неміс тілдерін жетік меңгерген.