Ердоғанның мәлімдемесін Меркель сандырақ деп атады

839

Ердоғанның мәлімдемесін Меркель сандырақ деп атады

Германия канцлері Ангела Меркель Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның терроризмді қолдады деп айтқан мәлімдемесін сандырақ деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Осының алдында Ердоған Меркельді лаңкестерді қолдады деп айыптаған болатын. Түрік басшысы голланд билігі Түркияның СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлының ұшағын елге кіргізбеген қойған оқиғадан соң  ГФР канцлері Нидерланд тарапын жақтады деп кінәлаған еді.

"Канцлер арандатушылыққа араласпайды. Бұл айыптау сандырақ екені анық", – деп келтіреді  канцлердің өкілі Штеффен Зайберттің сөзін "Франс Пресс" агентігі.

Берлин мен Анкара арасындағы қарым-қатынас Ыстанбұлда тегі түрік, неміс  журналисі Дениз Юджелді тұтқындағаннан кейін ушығып кетті.  Түрік билігі журналистке "лаңкестік ұйымға қатысы бар,  мәліметтерді заңсыз пайдаланды, терроризмді насихаттады" деген күдік келтіріп отыр. Германия канцлері Ангела Меркель Анкарадан Юджелді босатып, БАҚ еркіндігін сақтауды талап етті.  

Мұнан соң немістің Гаггенау қаласының билігі (Баден-Вюртемберг) конституцияға енгізілетін бірқатар өзгерістер жөнінде өтетін референдум қарсаңында Түркияның әділет министрі Бекир Боздагтың тегі түрік сайлаушылармен кездесуін болдырмай тастаған. Министр өзінің неміс әріптесі Хайко Мааспен де кездеспестен еліне қайтып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу