Режеп Тайып Ердоған бүгін 3 күнге созылатын Парсы шығанағы іссапарына аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі trthaber.com-ға сілтеме жасап.
Түркия президенті алдымен Сауд Арабиясына аялдайды. Жиддада ол Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд және тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманмен кездеседі.
Одан кейінгі аялдама – Қатар. 8 айлық үзілістен кейін Дохада Қатар Әмірі шейх Темим бин Хамед аль-Санимен кездесу жоспарланған.
Ердоғанның баратын үшінші елі – Біріккен Араб Әмірліктері. Сәрсенбі күні Абу-Дабиде осы елдің президенті шейх Мұхаммед ибн Заид Аль Нахайянмен кездеседі.
Сапарлар барысында экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен қазіргі қарым қатынастарды одан әрі нығайту үшін қабылдануы мүмкін қадамдар талқыланады. Осыған байланысты Түркия барлық үш елмен әр түрлі саладағы келісімдерге қол қояды деп күтілуде. Сондай-ақ, жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасады.