Президент әкімшілігінің байланыс кеңсесі таратқан ақпаратқа сәйкес Ердоғанның президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарлары 12-13 маусым күндері Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Әзербайжаннан басталады.
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, алдымен Ердоған 12 маусым күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады. Бұл сапар барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыту бойынша жасалатын қадамдар туралы пікір алмасып, аралдағы оқиғалар аймақтық және жаһандық өлшемдерімен егжей-тегжейлі талқыланады деп күтілуде. Ал Солтүстік Кипр Түрік Республикасы тарапы сайлауда жеңіске жеткен Режеп Тайып Ердоғанның алғашқы шетелдік сапарын осы елден бастайтынына ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, бауырлас ел Әзірбайжан сапары аясында жаңа кезеңдегі Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастары мен қазіргі халықаралық және аймақтық оқиғалар жайлы пікір алмасу көзделіп отыр.
Айта кетейік, Ердоған президент сайлауында жеңіске жеткенде алғашқылардың бірі болып құттықтаған Илхам Әлиев президент ретіндегі алғашқы сапарын Әзербайжаннан бастауға шақырған болатын.