Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен кейін түрік лирасы құлдырады

715

Ақша-несие саясатына өзіндік көзқарасы бар Ердоғанның президенттік сайлаудағы жеңісі Түркияның ұлттық валютасы әсер етті. 

Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен кейін түрік лирасы құлдырады Фото: google.com

Президенттік сайлауда Режеп Тайып Ердоғанның жеңісінен кейін Түрік лирасы құлдырауды жалғастырды және 29 мамыр күні таңертең бір доллар үшін 20,05 лира деңгейінде рекордтық көрсеткішке жетті, деп жазады inbusiness.kz DW-ға сілтеме жасап.

Лираның долларға шаққандағы бағамы сайлау алдындағы жұмадағы сауда-саттықтың жабылу көрсеткішімен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеді. 

Morgan Stanley банкі, егер Ердоған ақша - несие саясатын өзгертпесе, жыл соңына қарай лира бағамы 29 пайызға - бір долларға 28 лираға дейін төмендеуі мүмкін екенін ескертеді, деп жазады Bloomberg агенттігі. Wells Fargo & Co. тоқсанның соңына қарай түрік валютасының бағамы бір доллар үшін 23 лира деңгейіне жетеді деп күтеді.

"Ердоғанның жеңісі бірде-бір шетелдік инвесторға ұнамайды. Инфляция өте жоғары, пайыздық мөлшерлемелер өте төмен және таза валюта резервтері болмаған жағдайда барлық активтерге әсер ететін ауыр дағдарыс болуы мүмкін", - деді Tellimer стратегі Хаснайн Малик Bloomberg-ке.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу