Ердоғанның сапарына орай әскери ұшақтар Астана аспанында Түркияның туын бейнеледі

544

Түркия президентіне құрмет көрсетілді. 

Ердоғанның сапарына орай әскери ұшақтар Астана аспанында Түркияның туын бейнеледі Фото: Ақорда

Астанада әскери ұшақтар Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.  Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.  Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу