Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Нұрлан Мұқатов Ерейментау ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аудан активіне жаңа басшыны таныстырды.
Нұрлан Зияйденұлы Мұқатов 1967 жылы туған, Ақмола облысы Ерейментау ауданының тумасы. Целиноград инженерлік-құрылыс Институтын "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ерейментау ауданы "Үленті" совхозында автогараж механигі болып бастаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу