"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы жұмыс істегелі бері Ақмола облысының Ерейментау ауданында 384 млн теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 3 жоба жүзеге асырылды. "ТМЗ Сервис" ЖШС айналымын толықтыруға 150 млн теңге бөлінді. "БЖК-2020" "Өрнек" ШҚ 10 млн теңгеге трактор сатып алуға жәрдемдесті. "Диас" балабақшасына 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, Ерейментау ауданында 2016 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы 91 адамды қамтыды. Шағын несиені 31 адам 78,5 млн теңге көлемінде алды.
Ерейментау ауданында 18 отбасы "Өрлеу" пилоттық жобасына қатысты. Оның аясында жобаға қатысушылар қаржылай қолдауға ие болды.