Ерейментау қаласында тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады

361

Құтқарушылар еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді 

Ерейментау қаласында тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы көшелердің бірінде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш қызметкер мен бір бірлік техникадан құрылған өңірлік ТЖД күштері және құралдары дереу еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді. 

Құтқарушылар су өткізу құбырларын да тазартты. 

Қазіргі уақытта елді мекендегі үйлерді су басу қаупі сейілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу