Ерейментау ауданының әкімдігінде 7 жетім балаға жаңа пәтірдің кілті салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Ақмола облысының аймақтық коммуникация қызметі.
Ерейментау ауданы әкімдігі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға ұсыну үшін Ерейментау қаласында екі 3 бөлмелі, екі 2 бөлмелі және екі 1 бөлмелі пәтерді және Новомариновка ауылында бір үй сатып алды.
Жаңа пәтер иелерінің атынан Арман Жұмашев тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-анасыз қалған балаларға көрсетілген қамқорлық үшін алғыс білдірді.
Содан соң Ерейментау ауданының әкімі жас жерлестерін қоныс тойымен құттықтап, ауданды одан әрі дамыту міндеттерімен бөлісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу