Ерейментаудағы кеніште жүргізуші қайтыс болды

762

Ол кеніш аумағындағы жөндеу жұмыстары кезінде көлігімен электр сымдарын қағып кеткен.

Ерейментаудағы кеніште жүргізуші қайтыс болды

Ақмола облысында кеніш жүргізушісін тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, оқиға 2018 жылғы 14 тамызында Ерейментау ауданының кеніш аумағында болған. Бұл туралы участок басшысы ІІД телефон арқылы хабарлаған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Howo" көлігінің 1985 жылы туған азамат кеніш аумағындағы жөндеу жұмыстары кезінде көлігімен электр сымдарын қағып кеткен. Кейін көлігінен шыққан кезде оны тоқ соққан", - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты сот медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу