Бұл туралы Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Белдесу барысында қарсыласының әдісінен кейін спортшы басымен құлап, мойын омыртқасынан жарақат алған. Оқиға 7 қыркүйекте болған.
Дәрігерлер барын салғанымен, жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Марқұмның денесі SCAT әуе компаниясының рейсімен Ақтөбеге жеткізілді. Онымен бірге жаттықтырушысы мен туыстары да оралды.
Қонақасы бүгін өтсе, ертең жерлеу рәсімі ұйымдастырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу