"Ерекше" балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

1275

Жоба "Саламатты болашақ" әлеуметтік бағдарлама аясында жүзеге асырылған.  

"Ерекше" балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдік спорт үйірмелері ашылды.
Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың жыл бойы спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау және Қазақстанда бейімдік спорт түрлерін дамыту.
Алматы Арена кешенінде "ерекше" балалар жүзу мен "бочча" үйірмелеріне, "Сарбаз" әскери-патриоттық клубындағы каратэ үйірмесіне қатыса алады, ал "Бейімді футбол" тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 мектеп-интернаты қабырғасында өтіп жатыр.

Биыл бұл жобаға 70-тен аса мүмкіндігі шектеулі бала қатысатын болады. Жобаның негізін қалаушылары – "Тең мүмкіндіктер әлемі" Қоғамдық қоры. Алдағы уақытта спортшылар мен үйірмелер саны көбейеді деп жоспарлануда.

"Өкінішке орай, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру мен спорт түрлеріне бірдей қатыса алулары – елдің даму деңгейінің көрсеткіші. Біздің жобамыздың алға қойған мақсаты, бала кезінен спортқа қатысу арқылы, "ерекше" балалардың  болашақта отбасын құрып, жұмысқа бейімделіп, қоғамымызға үлес қосуларына мүмкіндік беретін, бойларында  жеке-дара тұлғалық қасиеті мен өз құндылығын арттыру", –дейді "Тең мүмкіндіктер әлемі" Қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұргүл Ұлжекова.

Жоба "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының көмегімен жүзеге асырылуда. "Samruk-Kazyna Trust" қорының қолдауымен жаттықтырушылардың санатын жоғарылату, олардың еңбек ақылары, үйірмелерді қажет спорт жабдықтарымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп жатыр.
Дәл осындай үйірмелер Павлодар, Шымкент, Қараганды қалалары мен Қараганды облыстарында ашылды. Жобаға қатысушылар жан-жақты жақсы нәтиже көрсетуде. Жарыстарға қатысып, қалалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу