Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қазақ халық әнін орындады

792

Бүгінгі таңда елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 188 мың бала бар, оның ішінде есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар саны: 5443 бала.  

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қазақ халық әнін орындады Фото: MED-EL Eurasia

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанда алғаш рет ерекше білім беруді қажет ететін балалар кохлеарлық имплант қолданушыларының қатысуымен клип шықты. Біздің балалар "Қамажай" қазақ халық әнін орындады.

"Ең алдымен айта кететін жайт, бұл бейнебаян есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар мен олардың ата-аналарына есту-сөйлеуді қайта қалпына келтіруде және одан әрі әлеуметтік ортаға бейімделуде табысқа жетуге үміт беретінін атап өткен жөн. Бұл балалардың үлкен жетістігі, ата - аналардың мақтанышы және еліміздің қуанышты жаңалығы", - деді орталық директоры Айгерим Кудеринова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу