Ерекше бизнес идеяға қолдау бар

1231

Атырау облысында 87 индердік мемлекеттік грант иеленді.  

Ерекше бизнес идеяға қолдау бар

Атырау облысы Индер ауданының 87 адам ерекше бизнес идея үшін мемлекет грантын алды. "Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген аудан әкімі Мейірім Қалауи айтты" деп хабарлайды  Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

"Жастар мен көп балалы аналарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында ерекше бизнес идея үшін 87 азамат  жалпы құны 48,3 млн.теңге болатын мемлекеттік грантты иеленді. "Бастау Бизнес" курстарынан өткен 150 азаматтың жобасы оң шешімін тапты. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ағымдағы жылы 45 адамға шағын несие беру жоспарланып, есепті кезеңге 51 адамға 262,9 млн. теңге шағын несие берілді" деді Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи.

               Еске сала кетелік, өткен жыл ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы Индер ауданында 2226 адам  жұмыспен қамтылған. Оның ішінде, 1501 адам тұрақты жұмысқа кірген.

Сондай-ақ, ауданда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 22 маман көтерме жәрдемақы алды. "2020 жылы 22 маманға 6 млн. 111 мың 600 теңге көтерме жәрдемақы төленді. 9 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 37 млн. 503 мың теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Олардың қатарында денсаулық сақтау және білім беру саласының жас мамандары бар" деді аудан басшысы. Еске сала кетелік, өткен жылы Индер ауданының медицина саласы 13 дәрігер маманмен толықты. Әлі де 14 маманға қажеттілік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу