Ерекше бүлдіршіндер арнайы білім беру ұйымдарына жеке қабылданады

652

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топ ұйымдастырылады.

Ерекше бүлдіршіндер арнайы білім беру ұйымдарына жеке қабылданады

Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

"Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топқа қабылдау ұйымдастырылады. Бұл топтағы балалардың саны 15-тен аспауға тиіс", – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, балалар қосымша білім беру ұйымдарында ата-аналардың өтініші бойынша қашықтан оқиды немесе 5 баладан аспайтын шағын топтардағы үйірмеге қатысады. 

"Арнайы білім беру ұйымдарының жұмысы біз үшін ерекше маңызға ие. Осы ерекше бүлдіршіндер қазіргі жағдайда үлкен назарды қажет етеді. Сондықтан ата-аналарының таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдауы ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі", – деді Асхат  Аймағамбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу