Ерекше хаттар көрмесі ашылды

1028

Ерекше хаттар көрмесі ашылды

Экспозицияға шетел ғалымдарының қазақстандық көрнекті жазушылар, ғалымдар мен зерттеушілерге жазған хаттары ұсынылды. Қазақстандық зиялы қауым өкілдерінің шетелдік  тұлғаларға жолдаған хаттарды да осы көрмеден көруге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Хаттар сыр шертеді" атты ерекше көрме Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында ашылды.

Бұл жерден қолмен жазылған немесе терім-баспа машинкасымен терілген орыс және қазақ, кириллица және араб таңбасымен жазылған хаттарды көруге болады. 

Экспозицияға газет және журнал редакциясы, баспа, СССР Жазушылар одағы, Қазақ ССР ғылым академиясының президиумы сияқты түрлі ескі ұйымдардан жіберілген хаттар да бар. Ұсынылған барлық хаттар - академиктер С. Қирабаев, А. Бейсенова, Т. Кәкішев, О. Нұрмағамбетова, С. Бегалин, академик М. Қаратаев жазысқан хаттардың кітапхана музейінде сақтаулы тұрған бір ғана бөлшегі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/16605

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу