Ақылбек Күрішбаев: Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды сапалы біліммен қамту – адам капиталын дамытудың озық үлгісі

838

Отандық білім берудің сапасы мен мүмкіндігі халықаралық стандарттарға сай болуға тиіс. 

Ақылбек Күрішбаев: Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды сапалы біліммен қамту – адам капиталын дамытудың озық үлгісі

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше назар аударылған. Сенатор Ақылбек Күрішбаев "Қазақстандағы инклюзивті білім: теория мен тәжірибе" атты халықаралық онлайн конференцияда осылай деді.

Депутаттың пікірінше, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды сапалы біліммен қамту – адам капиталын дамытудың озық үлгісі. 

"Инклюзивті білім беру – маңызды әрі өзекті мәселе. Ел азаматтарының барлығының құқығы мен мүмкіндігі тең екенін ескере отырып, оларға қоғамның барлық саласында бірдей әрі тең жағдай жасау қажет. Әр адамның қабілеті мен қарымы, білімі мен бейімі бар. Осыны тауып, танып, көрсетуге мүмкіндік беру керек. Қазақстан – жаһандық білім қауымдастығының бір бөлшегі. Сондықтан отандық білім берудің сапасы мен мүмкіндігі халықаралық стандарттарға сай болуға тиіс", – деді сенатор. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу