Ерекше қажеттілігі бар балаларға жеңілдік жасалады

1234

Мәдениет және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздеп отыр. 

Ерекше қажеттілігі бар балаларға жеңілдік жасалады

Осыған қатысты құқықтық актілер  қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz вице-министр Нұрғиса Дәуешов мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Құжатта балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидасы енді", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, құқықтық актіде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің және спорттық секциялардың рейтингін анықтау қағидасы да қарастырылған.

"Құжатта мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстың жүзеге асуына қатысы бар 3 тараптың да мүддесі ескерілген. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға қолданылады", – деді Нұрғиса Дәуешов.

Белгілі болғандай, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі шығармашылық үйірменің 59 түрін  қамтиды.

Тапсырыс аясында әр балаға 2 үйірмеге тегін қатысуға құқығы беріледі.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу