Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салықты алып тастау ұсынылды

198

Бүгін Мәжіліс отырысында республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақыны алып тастау бөлігінде ҚР Салық Кодексіне, Бюджет Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салықты алып тастау ұсынылды Фото: facebook.com

Салықты алып тастағанмен, бұл аймақтарда туристерге көрсетілетін қызметтер үшін алынатын төлемдер сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барған кезде азаматтар: бюджетке түсетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салық пее табиғат қорғау мекемелері ұсынатын қызметтер үшін алымдарды төлейді. Қызмет үшін алымдар мекемелердің арнайы есеп шотына түседі.

"Бүгінгі таңда таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан туристік нысандардың қызметкерлері бақылау-өткізу пунктінен өткен кезде, әр күн сайын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салық төлеуге мәжбүр. Көп жағдайда бұл азаматтар жалақысы төмен маусымдық жұмыстарды атқарады. Бұл жағдайға азаматтардың тарапынан белгілі бір наразылықтар бар. Мәселені одан әрі шиеленістірмес үшін, сонымен қатар отандық туристік бизнесті одан әрі дамытуға ыңғайлы жағдай жасау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салықты алып тастау ұсынылады", - Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Алайда депутат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салықты алып тастағанмен, бұл аймақтарда туристерге көрсетілетін қызметтер үшін алынатын төлемдердіңсақталып қалатынын атап өтті.

Сондай-ақ Заң жобасымен "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыретін нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу