Ерекше мұқтаждықтары бар жастардың IT-жобаларына грант беріледі

912

Жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсартуға бағытталуы керек.

Ерекше мұқтаждықтары бар жастардың IT-жобаларына грант беріледі

Нұр-Сұлтан қаласында ерекше мұқтаждықтары бар жастардың IT-жобаларына грант беріледі, деп хабарлайды "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Ертең, 28 тамызда "Астана Хаб" IT-стартаптар халықаралық технологиялық паркінде көптен күткен IteachMe жобасының финалы өтеді. Жастар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жобаларын қазылар алқасына таныстырады.

ITeachMe инклюзивті білім жобасының басты міндеті – мүмкіндіктері шектеулі жастарды бағдарламалау, кодтау, жобаны басқару, дизайн, маркетингтің негіздері, робот жасау техникасын меңгеру және т.б. бағыттарда оқыту.

Ақтық сынға жеті жоба қатысады:

  • CUP (Classmates Up the Progress) – жоба онлайн түрде жүзеге асырылады. Мамандығын ауыстырғысы келетін студент виртуалды платформаға кіріп, бір күн бағдарламалаушының, маркетологтың және дизайнердің өмірін "сүруге" мүмкіндік алады.
  • Rapport қосымшасы – бір уақытта ыммен сөйлесу және қазақ тілін үйрену.
  • ASAR қосымшасы – өздеріне жақын орналасқан адамдардан белгі алып, еріктілермен байланыс орнату арқылы барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсету (мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, балаларға және т.б.).
  • Ерекше мұқтаждықтары бар адамдарға арналған инклюзивті ортада жұмыс істеу ерекшелігін есепке ала отырып жасалған робот жасау және бағдарламалау бойынша курс.
  • "Dariger" медициналық платформа – әлеуметтік-осал топтарға белгілі бір дәрігерлерге онлайн жазылатын чат-бот. "103" қосымшасы – адамның тұрған мекенін нақты анықтай алуға көмектесетін жедел-жәрдем картасы.
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды заманауи жаттығу құрылғылары арқылы сауықтыру.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу