Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған қосымша әзірленді

619

Алматы қаласындағы ФМБ NIS оқушылары аутизм спектрінің бұзылуы бар адамдардың эмоционалды интеллектісінің дамуына ықпал ететін "Drive Beyond" қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған қосымша әзірленді Фото: Оқу ағарту министрлігі

Бұл қосымша қазірдің өзінде бірқатар білім беру орталықтарында сәтті қолданылуда, әсіресе, 5 пен 13 жас аралығындағы балалар арасында айтарлықтай оң нәтижесін беруде.

"Drive Beyond" қосымшасы жеке тұлғаның бет әлпетін тани алатын бірегей жасанды интеллект болып табылады.

"Біздің қосымшамыз жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын көрсететін мінсіз құрал. Біз әрбір адам осы технологияға қол жеткізуіне және өзінің эмоционалды дағдыларын дамытуға мүмкіндік алуына лайық деп санаймыз", - дейді 12-ші сынып оқушысы Әлихан Сырғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу